• Жұдырықтай жүрекке саулық тіле
  • Жұмыс орнында ұрлық жасады
  • Нотариалдық қызметтердің тізімі
20-30 қыркүйек аралығында Ақтөбеде жүрек қан тамыр ауруларының алдын алуға арналған он күндік өтті.  Денсаулығыңызды тексертіп, шарадан қалыс қалмаңыз.  Дүние жүзілік жүрек күніне орай ұйымдастырылған
  Хромтау қаласы «ТҰҚ «Никель» Акционерлік қоғамында  электрші болып қызмет ететін ер адамға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ол сол мекеменің мастерімен сөз байласып, ғимаратты тонаған.
   Астана қаласындағы нотариалдық қызметтердің тізімі № Аты-жөні Мемлекеттік лицензия нөмірі Лицензия берілген уақыты Кеңсе мекен жайы Жұмыс телефоны Жұмыс уақыты 1 АБАЙ АКМАНАТ 12012953
Previous
Next

Жылдам төлемдер бақылауға алынады

Жұма, 08 Сәуір 2016 05:23

 

 

Мәжілісте жылдам төлемдер жүйесінің операторларына арналған ережелері өзгертілген заң жобасы таныстырылды

Парламенттің төменгі палатасында Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері жылдам төлем нарығына қатысушылардың ғана емес, сонымен бірге қазақстандықтардың да мүдделеріне қатысты заң жобасын таныстырды. Жобаның атауы – «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», оны қаржылық реттегіш әзірледі және олар бұл заңды қабылдаған соң қазіргі қолданыстағы «Төлемдер мен ақша аударымы туралы» заңды күші жойылған деп тануды ұсынды.

Заңның жаңа жобасында төлем жүйелерінің маңыздылығын анықтау критерийлерін, жүйелік маңызды төлем жүйелерінің операторларына қойылатын талаптарды, сондай-ақ, төлем жүйелеріндегі төлемдердің аяқталғаны (есептердің кепілдендірілуі) туралы нормаларды белгілеу ұсынылған. Сонымен бірге төлем қызметі және төлем қызметін жеткізуші ұғымдары, төлем қызметінің түрлері, төлем қызметтерін жеткізушілер санаттарының тізбесі және олардың қызметіне қойылатын талаптар бекітіледі, сондай-ақ, Ұлттық банктің төлем қызметтері нарығында жұмыс істейтін субъектілердің қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі өкілеттіктері нақтыланады.

Заң жобасында Қазақстанның төлем нарығында өз қызметін жүзеге асыратын банктік емес төлем ұйымдарының қызметін қадағалайтын мемлекеттік  ұйымдар туралы нормалар  бар екенін айта кетеміз.  

Аталған ұсыныстарға түсіндірме бере отырып, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов қазір «мемлекет аталмыш нарыққа  қатысушылардың нақты саны және осындай төлем жүйелері арқылы жүргізілетін көлемдер туралы шынайы ақпаратқа ие емес екендігін» атап айтты. Оған қоса, «нарық құрылымында қолданылатын комиссиялар жөнінде де ашықтық жоқ. Сол себепті заң жобасының авторлары «төлем ұйымы» деген ұғымды енгізуді ұсынды, оған төлем қызметінің нақты бір түрін ұсынатын электрондық төлемдердің әртүрлі жүйелерінің банктік емес жеке меншік операторлары және оларды Ұлттық банкте есепке алу режимі кіреді».

Әлемдік практикаға сәйкес, заң жобасында төлем қызметтерінің белгілі бір түрін төлем агенттерін және субагенттерді тарту жолымен көрсету мүмкіндігі белгіленеді.

Заң жобасын талқылау кезінде жұмысшы топтарының алдағы уақытта өтетін отырыстарында  қызу піікрталас туғызатын сұрақтардың бірі төлемдерді жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны пайдалануды шектеу ықтималдығы туралы болатыны сөзсіз. Бұл тұрғыда операторларды төлем карточкаларын пайдалануда рұқсат етілмеген операциялар бойынша қаражатты қайтаруға міндеттеуі мүмкін. 

Сондай-ақ, фискальдық органдардың салықтық және басқа да төлем міндеттемелерін орындау үшін физикалық тұлғалардың есепшоттарынан ақша ұстап қалу құқығын шектеу туралы нормалар да аз талқыланбайтын сияқты. «Салық кодексі нормаларына сәйкес, физикалық тұлғалардың  шоттарына түсетін әртүрлі материалдық ресми төлемдер салықтық міндеттемелерді немесе қандай да бір айыппұлдарды төлеу үшін алынады. Ал, қазір, біз өзгертулер енгізгеннен кейін, салық қызметкерлері бұл құқықтарынан айрылады», – деп түсіндірді депутаттардың сауалдарына жауап берген А.Ахметов.

Ол, сонымен бірге, қазір Ұлттық банкте жаңа операциялық жүйе әзірленуде, ол, атап айтқанда, әрбір транзакция үшін банктер төлем карталарының иелерінен ұстап қалып жүрген комиссиялық ақылардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, Ұлттық банк бұл жылдам төлемдерді жүзеге асыру кезіндегі сервистің сапасын жақсартуға да септігін тигізеді деп есептейді.

Palata.kz 

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Оқылды: 848 рет

 Тегін хабарлама қабылдау

8 (7172) 57-30-78, 57-28-85

 ЖШС "Профи Медиа"  

8 (7172) 76-91-32, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.