• Жұдырықтай жүрекке саулық тіле
  • Жұмыс орнында ұрлық жасады
  • Нотариалдық қызметтердің тізімі
20-30 қыркүйек аралығында Ақтөбеде жүрек қан тамыр ауруларының алдын алуға арналған он күндік өтті.  Денсаулығыңызды тексертіп, шарадан қалыс қалмаңыз.  Дүние жүзілік жүрек күніне орай ұйымдастырылған
  Хромтау қаласы «ТҰҚ «Никель» Акционерлік қоғамында  электрші болып қызмет ететін ер адамға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ол сол мекеменің мастерімен сөз байласып, ғимаратты тонаған.
   Астана қаласындағы нотариалдық қызметтердің тізімі № Аты-жөні Мемлекеттік лицензия нөмірі Лицензия берілген уақыты Кеңсе мекен жайы Жұмыс телефоны Жұмыс уақыты 1 АБАЙ АКМАНАТ 12012953
Previous
Next

Заң жобаларын ашық талқылау үшін арналған портал жұмысын бастады

Бейсенбі, 07 Сәуір 2016 08:40

 

100 нақты қадам Ұлттық Жоспарының 94-ші қадамы мен Қазақстанның Ашық Үкіметін дамыту бағдарламаларының аясында «Ашық нормативті құқықтық актілер (НҚА)» legalacts.egov.kz порталында ашық талқылауға арналған заң жобалары жарияланған.

Қазіргі таңда азаматтар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Стандарттау туралы» заң жобалары бойынша өз ой-пікірлерін білдіре алады.

Бұған қоса, 10 сәуірге дейін порталда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнінде, сондай-ақ кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жоба тұжырымдамасының қоғамдық талқылауы өткізіледі.

«Ашық НҚА» порталы азаматтарға қоғамдық бастамаларды, нормативті құқықтық актілерді және мемлекеттік органдар шешімдерін қарастыру үрдісіне қатысуын қамтамасыз ететінін ескертеміз. Дәлірек айтқанда, мүдделі орган бекітпес бұрын әзірлеуші органдар жобаларды қоғамдық талқылауға  порталға орналастырады. Талқылау нәтижелері де  сол порталда жарияланады.

Бұған дейін, мемлекеттік қызметтер талқылауы электрондық үкімет аясында eGov порталында өткен болса, қазіргі таңда, «Ақпаратқа қолжетімділік» Заңының қадылбануы арқасында барлық заң жобаларының тұжырымдамалары, НҚА жобалары мен мемлекеттік қызметтің стандарттары міндетті түрде «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.

Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 07 Сәуір 2016 09:19
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Оқылды: 973 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жұмыс орнында ұрлық жасады

 Тегін хабарлама қабылдау

8 (7172) 57-30-78, 57-28-85

 ЖШС "Профи Медиа"  

8 (7172) 76-91-32, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.