Басып шығаруға арналған нұсқасы

Жұмыс орнында ұрлық жасады

Бейсенбі, 29 Қазан 2015 04:30

 


Хромтау қаласы «ТҰҚ «Никель» Акционерлік қоғамында  электрші болып қызмет ететін ер адамға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ол сол мекеменің мастерімен сөз байласып, ғимаратты тонаған.

КАМАЗ авто көлігіне «ТҰҚ «Никель» АҚ-ң атындағы құны180 249 тенге тұратын 5МТН 312-6 15/950 маркалы, 230 353 сома көлеміндегі МТН 411-6УІ маркалы,133 335 теңге тұратын  4 МТН 132LA6УІ маркалы электрондық қозғалтқыштарды  жасырын тиеп алады. «ТҰҚ «Никель» АҚ басшылығы күдіктілердің қылмыстық іс-әрекеттерінің салдарынан  543 935 теңгеге материалдық залал келді деп, сотқа шағымданады.
Сот оларды ҚР ҚК-нің 175 бабының 2 бөлімі «А» тармағымен кінәлі деп тауып, әр қайсысына 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындаған. Үкім заңды күшіне енді.
Соңғы рет өзгертілді: Дүйсенбі, 21 Желтоқсан 2015 10:54
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Оқылды: 2057 рет

Келесі автордың соңғы жариялағандары: Қолданушы