• Жұдырықтай жүрекке саулық тіле
  • Жұмыс орнында ұрлық жасады
  • Нотариалдық қызметтердің тізімі
20-30 қыркүйек аралығында Ақтөбеде жүрек қан тамыр ауруларының алдын алуға арналған он күндік өтті.  Денсаулығыңызды тексертіп, шарадан қалыс қалмаңыз.  Дүние жүзілік жүрек күніне орай ұйымдастырылған
  Хромтау қаласы «ТҰҚ «Никель» Акционерлік қоғамында  электрші болып қызмет ететін ер адамға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ол сол мекеменің мастерімен сөз байласып, ғимаратты тонаған.
   Астана қаласындағы нотариалдық қызметтердің тізімі № Аты-жөні Мемлекеттік лицензия нөмірі Лицензия берілген уақыты Кеңсе мекен жайы Жұмыс телефоны Жұмыс уақыты 1 АБАЙ АКМАНАТ 12012953
Previous
Next

Жұдырықтай жүрекке саулық тіле

Бейсенбі, 29 Қазан 2015 04:28

20-30 қыркүйек аралығында Ақтөбеде жүрек қан тамыр ауруларының алдын алуға арналған он күндік өтті.  Денсаулығыңызды тексертіп, шарадан қалыс қалмаңыз.  Дүние жүзілік жүрек күніне орай ұйымдастырылған шара ақысыз. 

Ақтөбе облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы дүниежүзілік жүрек күніне орай сала мамандарымен баспасөз маслихатын өткізді. Тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікті арттыру мен салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруды мақсат еткен ақ халаттылар  бүгінгі күнгі жұмыстарды баяндады.  Жүрек-қан тамыр ауруларын ерте анықтау және оның алдын алу бүгінгі күннің уақыт күттірмес шарасы екендігі айтылды. 
-Біз тұрғындарға жүрек қан тамырлары ауруының барынша қауіпті екендігін түсіндіруіміз керек. Бүгінгі күнгі мәліметтерге сүйенсек облысымызда адам өлімінің жоғары көрсеткішін 26 пайызбен жүрек аурулары алып отыр.  Одан кейін онкологиялық аурулар мен  жол апаттарынан болған өлімдер тіркелген. Кез-келген адам ең болмағанда жылына бір-екі рет қан қысымын, қант пен холестеринді өлшетіп жүрек-қан тамырлары дәрігерлерінің тексеруінен өтіп тұруы керек.  Егер адам аяқ-қолы ұйып ауырып, саусақтары мұздап, жансызданып жүргенін байқаса, мұндай жағдайға жүрдім-бардым қарауға әсте болмайды. Кейде адамдар жүріп келе жатып, аяқ-қолының қақсап, шаршайтындығын байқап, біліп жүреді. Демалып алып, әрі қарай шаруасымен айналыса береді. Мұның өзі де алаңдатарлық жағдай,-дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқарма бастығының орынбасары Әсет Қалиев. 
Елімізде өлім-жітім бойынша жүрек және қан тамырларының аурулары бірінші орында тұр. Жүрек-қан тамырлары аурулары – тіпті экономикалық дамуы жоғары елдердің өзінде азаматтардың мүгедектікке ұшырау және өмірден ерте озуына басты себеп болатын аурулардың бірі. Бұл туралы дабыл қағып алаңдаған мамандар тұрғындар денсаулыққа бей-жай қарамаса дейді. Статистикалық деректерге сүйенсек, 2012 жылы 100 мың адамға шаққанда 5258,3 жүрек-қан тамыр ауруына шалдыққан адам тіркелген. Ал 2011 жылғы көрсеткіш бойынша бұл сан 5168,6 болатын. Сонымен қатар, статистикалық  мәліметтерде жұмыс жасайтын ер адамдардың (16-62,5 жас) жүрек-қан тамыр ауруларынан адам өлімі алдыңғы қатарда тұрғандығын көрсетеді. Бұл көрсеткіште еңбекке қабілетті әйелдерде (16-57,5 жас) 3 есе жиі болады екен. Жүрек-қан тамыр ауруларының алдыңғы қатарында жедел коронарлық синдром немесе тұрақсыз стенокардия мен инсульт тұр. 
Жүрек-қан ауруларының дамуына әкеліп соқтыратын тәуекелділік факторларына дененің артық салмағы, темекі шегушілік, қандағы холестерин құрамының артық болуы, төмен деңгейде дене белсенділігі, ішімдікті шектен тыс пайдалану, артық мөлшерде тұзды тамақтар мен мал тоңмайларын пайдалану, күйзелістер, ұйқының бұзылуы, зорығу, ас рационында жемістер мен көкөністердің жетіспеушілігі жатады. 
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»  деген дәрігерлер салауатты өмір салтына шақырады. Мұқият үйлесімділік пен тамақтанып, үйлесімді қимыл жасауға шақырады. Адамдар өз жас шамасына қарай күн сайын дене қиымылын үйлесімді жасап отыруы керек. Адамдар арақ-темекіден аулақ жүргені абзал.
Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алуға арналған он күндік тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. 
Соңғы рет өзгертілді: Дүйсенбі, 21 Желтоқсан 2015 10:31
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Оқылды: 1552 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: Нотариалдық қызметтердің тізімі »

 Тегін хабарлама қабылдау

8 (7172) 57-30-78, 57-28-85

 ЖШС "Профи Медиа"  

8 (7172) 76-91-32, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.