• Жұдырықтай жүрекке саулық тіле
  • Жұмыс орнында ұрлық жасады
  • Нотариалдық қызметтердің тізімі
20-30 қыркүйек аралығында Ақтөбеде жүрек қан тамыр ауруларының алдын алуға арналған он күндік өтті.  Денсаулығыңызды тексертіп, шарадан қалыс қалмаңыз.  Дүние жүзілік жүрек күніне орай ұйымдастырылған
  Хромтау қаласы «ТҰҚ «Никель» Акционерлік қоғамында  электрші болып қызмет ететін ер адамға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ол сол мекеменің мастерімен сөз байласып, ғимаратты тонаған.
   Астана қаласындағы нотариалдық қызметтердің тізімі № Аты-жөні Мемлекеттік лицензия нөмірі Лицензия берілген уақыты Кеңсе мекен жайы Жұмыс телефоны Жұмыс уақыты 1 АБАЙ АКМАНАТ 12012953
Previous
Next

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ҮШІН МОНИТОРИНГ БОЙЫНША МАМАННЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 08:52

 

1. Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының толық атауы: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 010000, Астана қ., Иманов көшесі, 11/ Әкімшілік-шаруашылық бөлім;
2. Жүзеге асырылатын сатып алулардың атауы: Солтүстік Қазақстан облысы филиалдың қажеттіліктері үшін мониторинг бойынша маманның қызметтері.
Қызмет көрсету орны: Солтүстік Қазақстан облысы филиалдың кеңсесі. Қызмет көрсетудің мерзімі: қазан - желтоқсан 2015 жыл
Сатып алуға бөлінген сома: 200 000 теңге айына.
Төлем сомасы екі бөліктен тұратын болады, негізгі (келісімді сомадан 60%) және ауыспалы (келісімді сомадан 40%).
Негізгі бөліктің сомалары (келісімді сомадан 60%) Орындаушы келесі қызметтерді көрсеткен жағдайда Тапсырыс берушімен төленетін болады:
а) қарыздарды өтеу, нысаналы мақсатын растау мәселелері және қарызды бер- геннен кейін туындайтын өзге мәселелер бойынша қарыз алушыларға кеңес беру;
б) қарызды бергеннен кейін КС Кредиттік комитетінің/ Корпорация ОА / филиалының шешімдерімен көзделген ерекше талаптарды орындауды қарыз алу-
шымен пысықтау;
в) Корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіппен және мерзімде қарыз алушылардың қарыздарды уақытында өтеуі бойынша іс-шаралар;
г) Корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарымен белгіленген тәртіппен және мерзімде мерзімі өткен берешек бойынша қарыз алушылармен
жұмыс жасау;
д) кепілмен қамтамасыз етуді ауыстыру / алып тастау мен басатып алу бойын- ша, кредиттеу бағдарламалары шеңберіндегі қарыздарды нысаналы пайдалану мәселелері бойынша, ашылған кредит желісі аясында транштарды беру бойынша өтінімдерді қарастыру;
е) қаржылық сауықтыру, қайта құрылымдау, қарыз мерзімін ұзарту бойынша өтінімдерді қарастыру;
ж) Корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарына және Кеңейтілген мониторинг өткізу бойынша жоспар-кестеге сәйкес кеңейтілген мониторинг шеңберінде қаржылық талдауды өткізу;
з) Корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіппен және мерзімде қарыз алушылардың жағдайына, қарыздарды нысаналы пайдалануына кеңейтілген мониторинг өткізу;
и) Корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіппен және мерзімде мерзімі өткен берешекті қайтару бойынша іс-шараларды өткізу;
к) өз өкілеттігі шегінде өзге міндеттерді орындау;
л) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тиісті филиалының директоры мен ди- ректоры орыбасарының атынан Тапсырыс беруші басшылығының шешімдерін орындау бойынша өзге міндеттерді орындау.
Ауыспалы бөлікті (келісімді сомадан 40%) хабарландырудың № 1 қосымшасына сәйкес Тапсырыс беруші төлейді.
3. Әлеуетті қызмет көрсетушілердің жаңа баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімінің басталуы: Астана қ., Иманов көшесі, 11, «Нұрсәулет 1» бизнес-орталығы, 710-каб., «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 2015 жылғы 21 қазаннан сағат 9-00 бастап 18-00-ға дейін;
4. Әлеуетті қызмет көрсетушілердің жаңа баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімінің аяқталуы: Астана қ., Иманов көшесі, 11, «Нұрсәулет 1» бизнес-орталығы, 710-каб., «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 2015 жылғы 27 қазаннан сағат 18- 00-ға дейін;
5. Әр әлеуетті қызмет көрсетуші келесі мәліметтерден тұруы тиіс тек бір ғана баға ұсынысын тапсырады:
1) Әлеуетті қызмет көрсетушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлға үшін), патент пен жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін), ЖСН және банктік деректемелері;
2) қызметті жеткізу орны мен мерзімдері;
6. Әлеуетті қызмет көрсетуші ұсынатын, оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар тізбесі:
Заңды тұлғалар үшін құқық қабілеттілігін, жеке тұлғалар үшін азаматтық әрекет қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжат, СТН, жеке куәлік көшірмесі) растайтын құжаттардың көшірмелері:
салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТН);
ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (қосылған құн салығы), болған жағдайда;
Әлеуетті қызмет көрсетушінің қызметтерді ұсынуына құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, өзге құжаттардың көшірмелері;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшермесі.
7. Баға ұсынысындағы қызмет көрсетудің талаптары сатып алуларды ұйымдастырушы орналастырған баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен сатып алу- ларды жүзеге асыру туралы электрондық хабарландырудағы (жазбаша шақыру) талаптарға қайшы келмеуі тиіс.
8. Баға ұсынысы бар жапсырылған конверттің беттік жағында әлеуетті қызмет көрсетуші келесі мәліметтерді көрсетуі тиіс:
1) әлеуетті қызмет көрсетушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
2) сатып алуларды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы. Бұл мәліметтер сатып алуларды ұйымдастырушының электрондық хабарламасы мен жазбаша шақыруында көрсетілген мәліметтерге тура сәйкес болуы тиіс;
3) қызметтерді сатып алулардың атауы, оған қатысу үшін әлеуетті қызмет көрсетушінің баға ұсынысы ұсынылады.
9. Баға ұсынысын конвертке салып жапсырады және сатып алуларды ұйымдастырушы электрондық хабарламада немесе жазбаша шақыруда көрсеткен мерзімде әлеуетті қызмет көрсетуші ұйымдастырушыға береді.

Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 29 Қазан 2015 05:02
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Оқылды: 1175 рет

 Тегін хабарлама қабылдау

8 (7172) 57-30-78, 57-28-85

 ЖШС "Профи Медиа"  

8 (7172) 76-91-32, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.