• Жұдырықтай жүрекке саулық тіле
  • Жұмыс орнында ұрлық жасады
  • Нотариалдық қызметтердің тізімі
20-30 қыркүйек аралығында Ақтөбеде жүрек қан тамыр ауруларының алдын алуға арналған он күндік өтті.  Денсаулығыңызды тексертіп, шарадан қалыс қалмаңыз.  Дүние жүзілік жүрек күніне орай ұйымдастырылған
  Хромтау қаласы «ТҰҚ «Никель» Акционерлік қоғамында  электрші болып қызмет ететін ер адамға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ол сол мекеменің мастерімен сөз байласып, ғимаратты тонаған.
   Астана қаласындағы нотариалдық қызметтердің тізімі № Аты-жөні Мемлекеттік лицензия нөмірі Лицензия берілген уақыты Кеңсе мекен жайы Жұмыс телефоны Жұмыс уақыты 1 АБАЙ АКМАНАТ 12012953
Previous
Next

Енді импорттық тауарларды тіке тасуға бола ма?

images/import.jpg

 

Бес жүзден астам отандық адал ниетті кәсіпкер ЕО елдерінен тауарды шектеусіз әкеле алады. Қазақстандық импорттаушылар мен тасымалдаушылар Қазақстанға санкциялық тізімдегі тауарларды импорттау кезінде түйткілге ұшырап отырады.
Былтырғы жылы Ресей Федерациясының шыққан елі АҚШ, ЕО және басқа да бірқатар елдер болып табылатын ауылшаруашылық өнімдерін, шикізат пен азық-түлікті РФ аумағына әкелуге тыйым салғаны белгілі.
Ресей енгізген тыйым сыртқы экономикалық қызметтің қазақстандық қатысушыларына да әсерін тигізді.
Негізгі түйткіл Ресей АШМ Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің 2014 жылғы 30 қарашадан бастап орнатылған Қазақстан Республикасының аумағына Белорусь Республикасының аумағы арқылы алып өтілетін тауарлардың жекелеген санатының транзитіне салынған тыйымда болып отыр.

Ресей аумағымен тасылатын қазақстандық алушылар мен үшінші елдер алушыларының атына бара жатқан мұндай тауарларды әкелуге тек кейбір ресейлік өткізу бекеттері арқылы ғана рұқсат етіледі:
• «Ивангород» КАӨБ (Ленинград облысы),
• «Бурачки» КАӨБ (Псков облысы),
• «Торфяновка» КАӨБ (Ленинград облысы),
• «Троебортное» КАӨБ (Брянск облысы),
• «Шумилкино» КАӨБ (Псков облысы),
• «Пыталово» КАӨБ (Псков облысы),
• «Скангали» ТЖӨБ (Псков облысы),
• «Валуйки» ТЖӨБ (Белгород облысы),
• «Суземка» ТЖӨБ (Брянск облысы) және ресейлік порттар.

Осылайша, Еуроодақ елдерінен тауарды Қазақстанға жеткізу үшін, Белорусь Республикасы арқылы емес, Литва, Латвия, Финляндия немесе Украина арқылы өту қажет.
Сонымен бірге, ресейлік ведомство өз нұсқауында өздерінің аумақтық бөлімшелеріндегі басшыларының назарын мұндай тауарларды Қазақстан Республикасына транзиттеу Кеден одағының сыртқы шекарасындағы ресейлік өткізу бекеттерін көрсетумен Қазақстанның Ауылшаруашылық министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті берген рұқсаттар бойынша жүзеге асырылуға тиіс екендігіне аударады, ал аталмыш тауарлар Ресей ауылшаруашылық қадағалау рұқсаттары бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
Кеден одағына мүше мемлекеттер кедендік қызметтерінің Біріккен алқасының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №13/18 Шешімімен (Сочи қаласы), егер мұндай тасымалдауды адал ниетті тасымалдаушылар жасап отырса немесе тауарлар қазақстандық адал сатып алушылар атына бара жатқан болса, Қазақстанға транзитпен бара жатқан жекелеген санаттағы тауарларға қатысты кедендік бақылауды барынша азайту туралы келісуге қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шешімнің орындалуы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің атына адал өндірушілер мен тасымалдаушылар тізімін жолдап, осының негізінде ҚР ҚМ МТД осындай компаниялар тізбесін жасақтады.
Аталмыш тізбеге қазірде шамамен 560 отандық тауар өндіруші мен жоғарыда аталған тауарлар санатын қайта өңдеуге (өткізуге) және тасымалдауға қатысы бар тасымалдаушылар кіргізілді.
Қазақстанның мемлекеттік табыс органдары сәйкес ақпаратты РФ мен БР кеден әкімшіліктеріне ресми түрде жеткізді.
Ендігі жерде РФ аумағы арқылы жекелеген санаттағы тауарларды Қазақстан Республикасына кедергісіз тасымалдау үшін, тасымалдаушы немесе тауарды алушы адал ниетті тасымалдаушылар мен тауарды алушылар тізбесіне кіргізілуге тиіс, сонымен қатар олардың қолында Кеден одағының сыртқы шекарасындағы ресейлік бекеттер көрсетілген Қазақстанның Ауылшаруашылық министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті берген рұқсат болуға тиіс.

palata.kz

 

 Тегін хабарлама қабылдау

8 (7172) 57-30-78, 57-28-85

 ЖШС "Профи Медиа"  

8 (7172) 76-91-32, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.